Алаяқтар қазақстандықтарды банк атынан алдап, қармаққа іле бастады

Қазақстанда интернет-алаяқтарға қайта жан бітті, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл жолы олар Halyk Bank атынан төлем карталарының нөмірлерін иемденуде, деп атап көрсетеді stopfake.kz сайты.
Міне, ақша бонустары туралы осындай хабарламалар What ‘ sApp мессенджері арқылы таралуда.
Хабарлама авторлары үш досыңды тіркеп, банк картасының нөмірін жазуды ұсынады, бірақ сайт барлық көрсеткіштер бойынша фишингтік болып табылады, делінген банк хабарламасында.
Halyk Bank-тің өзінде мұндай акциялар қазіргі кезде өткізіліп жатпағаны айтылады.
– Бұл алаяқтар. Оларға деректеріңізбен бөліспеулеріңізді сұраймыз, – дейді банктегілер.
Фишинг – бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі, оның көмегімен зиянкестер жеке ақпаратты, төлем деректерін иемденеді және құрбандарының жеке аккаунттарына кіреді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:50, 26 ақпан 2021
Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады
-
09:34, 26 ақпан 2021
Наурыз айында Қазақстан халқы неше күн демалады
-
09:30, 26 ақпан 2021
«Былық боп жатыр». Ресейлік жас қорғаушы «Тұран» клубынан қашып кетті
-
09:22, 26 ақпан 2021
Қазақстанда жұмыртқа таусылайын деп тұр
-
09:18, 26 ақпан 2021
Айдай сұлу Алиса. Сабина Алтынбековадан асып түскен кім?
Пікір