«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын беру бойынша уақытша өтемдік тарифті бекітті
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бірлескен бұйрығымен электр энергиясын беру бойынша уақытша өтемдік тариф бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамына 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тариф ҚҚС-сыз 11,35 теңге/кВтс, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қарашаға дейін ҚҚС-сыз 10,54 теңге/кВтс мөлшерінде тариф бекітілсін", — делінген құжатта.
Жаңа тариф 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін 1 қарашадан бастап кейбір аймақтарда электр энергиясының тарифі көтерілетіндігі хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:14, 24 қазан 2024
Демалыс алдындағы саудада доллар құлдырады
-
16:03, 24 қазан 2024
Елімізде салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі 24 және 28 қазан аралығында аяқталады
-
15:54, 24 қазан 2024
Қордай тұрғындары заманауи сараптамалық қызметтерге қол жеткізеді
-
15:40, 24 қазан 2024
Тоқаев БРИКС саммитінде қандай мәлімдеме жасады
-
15:27, 24 қазан 2024
Қазақстанда көмір бағасы қымбаттауы мүмкін бе