Ақтөбелік өрт сөндірушілер жалынға оранған үй ішінен газ баллондарын шығарып, жарылыстың алдын алды

09:48, 18 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Ақтөбе облысы гарнизонның диспетчеріне Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында жеке меншік үйдің бірінің ауласында орналасқан гараждан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептортарының құрамында болған №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Шамаков Данат пен өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Самрат Мейрамбек өртке оранған құрылыстан 2 газ баллоны мен жанармайы бар канистрды жедел түрде шығарып, жарылыстың алдын алды.

"Өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндіріліп, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ",- деп хабарлады ведомство.
Ақтөбелік өрт сөндірушілер жалынға оранған үй ішінен газ баллондарын шығарып, жарылыстың алдын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 09:48

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

17 қазанда Алматыдағы Құрманғазы– Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан "Престиж Алатау" тұрғын үй кешенінде алапат өрт орын алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!