Ақтөбеде жоқ жер телімдерін сатқан ер адам ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде ер адам бірнеше азаматқа жоқ жер телімдерін сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға Мәртөк ауданының тұрғыны арызбен жүгініп, белгісіз ер адамның облыс орталығынан жер телімін төмен бағамен сатып беруге уәде етіп, ақшасын иемденіп кеткенін хабарлаған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 37 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында күдіктінің меншігінде жер телімдері болмағанына және оларды сатуға құқығы жоқ екеніне қарамастан, азаматтарға тиімді бағамен жер телімдерін сататынын айтып, олардың сеніміне кіргені анықталды. Ақшаны алғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған".Ақтөбе облысы ПД
Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 5 миллион теңгеден асты.
Аталған факті бойынша “Алаяқтық” бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Бұған дейін Қарағанды облысында есірткі таратпақ болған жасөспірім 4,5 жылға сотталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:39, 8 маусым 2026
Қазақстанда бірден бірнеше қауіпті құбылыс күтіледі
-
15:24, 8 маусым 2026
Еңбек министрі: Жеткіліктілік шектерінің жаңартылуы азаматтардың болашақ төлемдерін қорғауға бағытталған
-
14:45, 8 маусым 2026
Әл-Фарабидегі жол апаты: сотта бейнежазбалар көрсетілді
-
14:22, 8 маусым 2026
Рейдтерге квадроциклдер мен дрондар тартылады: Төтеншеліктер ел бойынша тығыз жұмыс режиміне көшті
-
14:06, 8 маусым 2026
Алматыда полиция қаруланған ер адамды тоқтатты





