Ақтөбеде саусағындағы сақинаны шеше алмаған кішкентай қызға құтқарушылар көмектесті

21:57, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Бүгін, 6 қыркүйекте Ақтөбе қаласында үш жасар қыз саусағына сақина тағып, оны қайта шеше алмай қиналған. Тар сақинаны құтқарушылар арнайы құрал көмегімен кесіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қысқа уақыт ішінде қыз баланы жарақаттамай, арнайы сым кескіштермен сақинаны кесіп, қысылған саусақты босатты", делінген хабарламада.

Төтеншеліктер атап өткендей, мұндай жағдайларда уақытылы көмек көрсетудің маңызы зор. Саусақтың ұзақ уақыт қысылуы үлкен зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан саусақтың одан сайын ісінгенін болдырмай, дер уақытында мамандар көмегіне жүгінген абзал.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!