Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

11:10, 11 қыркүйек 2024

© Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бизнесті қолдау шаралары облыс әкімінің қатысуымен өткен жиын барысында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың мәлімдеуінше, бизнесті қаржылай мемлекеттік қолдау құралдары аясында биыл жоспарланған 1 700 жобадан 1 291 жоба субсидияланды. Мемлекеттік бюджеттен қолдау шаралары үшін 14,7 млрд.тг. қаржы қарастырылды. Ақтөбе облысының аудандары бөлінісінде көптеген жоба Алға, Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарында қаржылай қолдауға ие болды.

Мамыр айынан бастап өңірде тіркелген ШОБ объектілерінің саны 1 103 бірлікке, ал жұмыс істейтіндер саны 986 бірлікке ұлғайды.

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 11:10

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірдегі жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым бөлігі, атап айтқанда, 31 324 бірлік – сауда саласына, 14 040 бірлік – қызмет көрсету саласына, 10 129 бірлік – ауыл шаруашылығы секторына, көлік және қоймалауға — 6 023 бірлік, 4 564 бірлік – өңдеу өнеркәсібіне және қалған 22,2% басқа салаларға тиесілі.

Кәсіпкерлер үшін қолдау шараларының бір бағыты – әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне ену. Бұл бағытта "Даму" қоры арқылы 7 пайызбен жеңілдетілген несие ұсыну қарастырылған. Бүгінгі таңда аталған тізілімге 28 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тіркелді.

Сондай-ақ, бизнес-жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету де маңызды шаралардың бірі. 2023 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуға 22 жобаны мақұлдады. Биыл 552,0 млн. теңгеге 13 жоба мақұлданды., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 11:10

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, бизнес-жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету де маңызды шаралардың бірі. 2023 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуға 22 жобаны мақұлдады. Биыл 552,0 млн. теңгеге 13 жоба мақұлданды.

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 11:10

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алмас Салықбаев былтыр Хромтауда енгізілген "Өркен" бағдарламасына іспеттес кәсіпкерлікті дамытудың жаңа өңірлік бағдарламасы туралы хабарлады. Бағдарлама кәсіпкерлерге несиені ең төменгі пайызбен рәсімдеуге мүмкіндік береді. Оны іске асыруға бюджеттен 1 млрд теңге бөлу қажет болады. Ақтөбелік бизнесмендер үшін өз ісін дамыту мақсатында оны іске қосу мүмкіндігі 2025 жылға жоспарлануда.

Сондай-ақ, бизнес-жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету де маңызды шаралардың бірі. 2023 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуға 22 жобаны мақұлдады. Биыл 552,0 млн. теңгеге 13 жоба мақұлданды., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 11:10

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты тыңдағаннан кейін облыс әкімі халық арасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!