АҚШ-та дауыл кезінде 600-дей адам жоғалып кетті
© Сурет: pixabay
АҚШ-тың оңтүстік-шығысында "Хелен" дауылы кезінде 600-дей адам жоғалып кеткен.
Ал қаза тапқандар саны 116-ға жетіп отыр. Құрбандардың көбі — Солтүстік және Оңтүстік Каролина тұрғындары. Осы аптада бұл аймаққа президент Джо Байден сапар шегіп, жағдаймен танысуға уәде берді.
Сонымен қатар, жауындатып соққан дауылдан кейбір елді мекендер тұтастай қираған. Және де талай жол зақымданып, көпірлер құлап, көшелер өзенге айналды.
Ал жарықсыз қалғандар саны 2 миллионға жетіп отыр. Айта кетсек, алапат дауылдан Флорида, Теннесси, Джорджия штаттары да айтарлықтай зардап шекті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:29, 1 қазан 2024
Оралда жаңа әкім тағайындалды
-
13:13, 1 қазан 2024
Алматыда субұрқақтар маусымы аяқталады
-
13:02, 1 қазан 2024
Түркістан облысының тұрғынынан трамадол дәрісі тәркіленді
-
12:51, 1 қазан 2024
СҚО прокуролары алиментті қасақана төлемеушілердің жасырын кірістерін анықтады
-
12:38, 1 қазан 2024
Павлодар облысының полициясы халықаралық іздеуде жүрген есірткі курьерін ұстады