СҚО прокуролары алиментті қасақана төлемеушілердің жасырын кірістерін анықтады

12:51, 1 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасымен алимент төлемдері бойынша міндеттемелерді сақтау мәселесіне тексеру жүргізілді.

Алиментшілер балаларына көп миллиондық қарызы бар бола тұра, букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға үлкен ақша жұмсап, өз міндеттемелерін елемейтіні анықталды.

Мысалы, 4,7 млн теңге мөлшерінде алимент бойынша берешегі бар борышкер, бір жыл ішінде "1xBet" букмекерлік кеңсесіндегі өзінің аккаунтын жалпы сомасы 33,9 млн теңгеге траншпен толықтырып, көрсетілген кезеңде ұтыс нәтижесінде 14,8 млн теңгені алып шығарған.

"Сол сияқты, атқарушылық іс жүргізу бойынша тағы бір борышкер 1,8 млн теңге алиментін төлемей, екі жыл ішінде "Olimpbet" букмекерлік кеңсесінде 2,5 млн теңгеден айырылған." Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

6 борышкерге қатысты осындай фактілер анықталды.

Борышкерлердің букмекерлік кеңселердегі операцияларының жалпы сомасы 56 млн теңгені құрады.

Аталған фактілер бойынша ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қылмыстық істерді облыс прокуратурасымен бақылауға алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!