Шымкентте қоқыс жәшігін сындырғандар жауапқа тартылды
© Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде қаладағы аллеялардың бірінде қоқыс жәшігін сындырып жатқан екі жас жігіттің бейнежазбасы тарады.
Полиция қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылардың жеке басын анықтады.
Олар 21 жастағы қала тұрғыны және Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер азаматтарға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.
Заңнамаға сәйкес олардың әрқайсысына 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл салынды.
Полиция құқық бұзушылық жасағандар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салады және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 30 қыркүйек 2024
Жолды өз бетінше жөндеген лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды
-
16:43, 30 қыркүйек 2024
АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі
-
16:29, 30 қыркүйек 2024
Астана Орталық саябағы халықаралық байқауда үздік деп танылды
-
16:14, 30 қыркүйек 2024
Израильдің шабуылынан Ливанда 105 адам қаза тапты
-
15:42, 30 қыркүйек 2024
30 қыркүйектегі түскі саудада доллар бағамы қайта көтеріле бастады