Түркістан облысының тұрғынынан трамадол дәрісі тәркіленді
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы Шардара ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері трамадол психотроптық затын заңсыз сақтаумен айналысқан жергілікті тұрғынды анықтады.
Полиция күдіктінің үйін тінту кезінде трамадолдың 400 таблеткасын тәркіледі, сараптама тағайындалды.
Қазіргі таңда осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Барлық мән-жайды анықтау барысында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кеткен жөн, Түркістан облысының полициясы трамадолдың психотроптық заттар қатарына енгізілгенінен бастап, 34 дерегін анықтап, 1800-ге жуық таблеткасын тәркілеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 1 қазан 2024
Астанада жалған шебер ноутбук жөндеймін деп әйелді алдап кетті
-
16:00, 1 қазан 2024
IFC қалдықтарды басқару жүйесін дамытуда Алматы қаласын қолдайды
-
15:43, 1 қазан 2024
1 қазандағы саудада доллар арзандады
-
15:25, 1 қазан 2024
Қазақстандағы атом электр станциялары бойынша референдум: дауыс беру барысын кім бақылайды
-
15:11, 1 қазан 2024
Вячеслав Добрынин қайтыс болды