Аймақтардың экономикасы тұрақты өсіп-өркендеп келеді, бірақ, шешімін таппаған мәселелер бар – Мемлекет басшысы
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 10 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтардағы бюджеттік жоспарлауды сапалы жүргізуге баса мән беру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшсының айтуынша, соңғы жылдары аймақтардың кіріс қоры айтарлықтай артты, бірқатар салық пен төлем түрлері республикалық деңгейден аймаққа берілді.
"Соның салдарынан жеткілікті қаржы бөлмей, жергілікті бюджетке қосымша шығындарды артып қою жағдайлары жиілеп кетті. Мұндай тәжірибе бюджетаралық қатынастардың қисынына қайшы әрі қабылданып жатқан шешімдерге сенімді жоғалтады. Сондықтан жергілікті атқарушы органдарға берілетін қаржы ресурстары мен олардың міндеттемелері бір-бірімен мөлшерлес болуын ескеру өте маңызды". ҚР президенті
Бұл ретте, президент Қазақстан – бір орталықтан басқарылатын унитарлы, біртұтас ел екенін атап өтті.
"Сол себепті еліміздің әлеуетін нығайтуды, халқымыздың әл-ауқатын арттыруды басты мақсат етіп, ақыл-парасатпен, бір қолдың саласындай жұмылып жұмыс істеу қажет. Жаңа Бюджет кодексінде бюджетаралық қатынастар нақтылық және барлық бюджет деңгейіндегі жауапкершілік тұрғысынан қайта қаралды. Енді осы нормалар өңірлерде іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін байқап көру керек. Егер қолданыстағы құралдар тиімсіз екенін көрсетсе, оны түзету қажет. Бұл жерде ешқандай күмән жоқ. Шешімді тез әрі батыл қабылдау қажет". Мемлекет басшысы
Оның айтуынша, жаңа ережелер өңірлердің қаржылық дербестігіне тұсау болмауға тиіс. Ең бастысы, олардың кіріс көздерін ұлғайтуға деген ынта-жігеріне кері әсер етпеуі керек.
"Үкімет аймақтардың қаржылық орнықтылығын нығайту шараларын қабылдауға міндетті. Бұл – стратегиялық сипаты бар мақсат. Басқарудың түрлі деңгейі арасындағы жауапкершілікке салғырт қарауға болмайды. Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайтып, халықтың әл-ауқатын арттыру",- деді ол. . Қасым-Жомарт Тоқаев
Өткен жылғы даму қорытындысы туралы айтар болсақ, аймақтардың экономикасы тұрақты өсіп-өркендеп келеді.
"Бірақ шешімін таппаған мәселелер бар. Аймақтардың инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі орташа есеппен алғанда – 64,1 пайыз. Бұл көрсеткіш әр өңірде әртүрлі, айтарлықтай алшақтық бар. Қажетті инфрақұрылымның болмауы облыстардың дамуына және халықтың тұрмыс сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе, жаңадан құрылған Абай және Ұлытау облыстарында инфрақұрылым жеткіліксіз. Алматы облысында да ахуал мәз емес. Бұл аймақтардың дамуына айрықша назар аудару қажет. Аймақ басшылары экономиканы әртараптандыруға және азаматтардың табысын арттыруға баса мән беруге тиіс. Инфляцияны төмендету үшін тиімді шаралар қабылдап, сапалы инвестиция тартуы керек, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуы қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін мемлекет басшысы инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет екенін баса айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:52, 10 ақпан 2026
Ұлттық банк халыққа берілетін несие өсімін бәсеңдетуді жоспарлап отыр
-
13:45, 10 ақпан 2026
Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек – Президент
-
13:38, 10 ақпан 2026
Біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз керек – Тоқаев
-
13:34, 10 ақпан 2026
Тоқаев жыл соңына дейін ЖИ көмегімен автокөлік қозғалысын реттейтін цифрлық платформаны іске қосуды тапсырды
-
13:30, 10 ақпан 2026
Президент: Теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет





