Айға бағытталған «Artemis II» миссиясы сәтті аяқталды

10:18, 11 сәуір 2026

© Сурет: nasa.gov

Айды айналып ұшқан экипаж 11 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего жағалауына жақын Тынық мұхитына қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экипаж отырған "Orion" ғарыш кемесінің капсуласы суға қонғаннан кейін, оларды АҚШ Әскери-теңіз күштерінің десанттық кемесі – USS John P. Murtha қарсы алды. Бұл туралы NASA өзінің ресми сайтында және X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Астронавтардың Жерге оралуын тікелей эфирде 3 миллионнан астам адам тамашалаған.

Сурет: Х/NASA

Адамзаттың соңғы 54 жылдағы Айға бағытталған алғашқы ұшуы 1 сәуірде басталды. 10 күнге созылған миссия барысында NASA астронавтары Рид Уайсмен, Виктор Гловер, Кристина Кук және Канаданың ғарыш агенттігінің астронавты Джереми Хансен:

  • Айға дейін жетті;
  • Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу бойынша рекорд орнатты;
  • Бірқатар ғылыми тәжірибелер жүргізді;
  • Аман-есен Жерге оралды.

Дегенмен, миссия толықтай мінсіз өткен жоқ. Ұшу кезінде кемедегі дәретхана екі рет істен шыққаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!