Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

09:01, 15 желтоқсан 2025

© Сурет: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы ресми өкілі Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2025 жылдың 15 желтоқсанында Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған ресми ақпаратта.

Смадияров Айбек Серікбайұлы – 1983 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін (Алматы, 2004 ж.) бітірген.

Мансап

  • 2005 ж. – "Қазақстандағы Қытай банкі" АҚ Административтік департаментінің маманы
  • 2006-2008 жж. – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы
  • 2008-2010 жж. – ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташе, үшінші хатшысы
  • 2010-2012 жж. – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы
  • 2012-2013 жж. – ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы
  • 2013-2014 жж. – ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы
  • 2014-2018 жж. – Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші, бірінші хатшысы
  • 2018-2019 жж. – ҚР СІМ Баспасөз қызметінің басшысы
  • 2019-2023 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Баспасөз хатшысы
  • 2023-2025 жж. – ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі
  • 2025 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы – Ресми өкілі

Дипломатиялық дәрежесі: IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл

Марапаттары:

Медальдар: "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 25 жыл" (2017), "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 30 жыл" (2022), "Халық алғысы" (2021), "Шапағат" (2022);

Төсбелгілер: "Ақпараттық жұмыстың үздігі" (2022), "Жылдың үздік баспасөз хатшысы" (2019), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі" (2022), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі" (2023)

Шет тілдері: ағылшын, түрік

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!