Абай облысының тұрғыны сот орындаушыларын 12 миллион теңгеге алдамақ болды
© Сурет: pixabay
Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот шешімін қасақана орындамау дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудан тұрғыны соттың 61 миллион теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы шешімін орындаудан жалтару мақсатында, жалпы құны 12,5 миллион теңгені құрайтын тұрғын үйі мен ауыл шаруашылығы техникасын басқа тұлғаларға рәсімдеген.
Аталған мәмілелер жалған сот актілері негізінде, сот орындаушыларының қатысуынсыз жүзеге асырылған. Түскен қаражатты борышкер мәжбүрлі өндіріп алу рәсімін айналып өтіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК 430-бабының 3-бөлігі (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Аталған баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:08, 12 шілде 2026
Джеки Чан Алматыға келеді: полиция күшейтілген дайындыққа көшті
-
22:05, 12 шілде 2026
Қазақстандық 12 боксшы U23 Азия чемпионатының финалына шықты
-
20:29, 12 шілде 2026
Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады
-
19:08, 12 шілде 2026
Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан тағы үш медаль жеңіп алды
-
19:01, 12 шілде 2026
Тоқаев Қатар әміріне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты





