Жылжымалы мүлік кепілін банк қосымшалары арқылы тіркеуге болады
© Фото: pexels
Әділет министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің цифрлық сервистері арқылы мынадай қызметтер қолжетімді:
- кепілді тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу;
- шарт талаптарының өзгеруіне байланысты ауыртпалықтарға енгізілген өзгерістерді тіркеу (қайта кепілге қою);
- талап ету құқығын беруді тіркеу;
- міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны және сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны тіркеу;
- кепілдің тоқтатылуын тіркеу;
- жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру.
Құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – өтініш қабылданған сәттен бастап екі жұмыс күні;
- www.egov.kz порталында немесе екінші деңгейлі банктердің цифрлық сервистері арқылы – құжаттар тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне түскен сәттен бастап бір жұмыс күні.
- Кепілді тіркеу үшін мынадай құжаттар қажет:
- міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;
- жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
- сенімхат (өтініш берушінің атынан сенім білдірілген тұлға жүгінген жағдайда). Салыстырып тексеру үшін сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылады, содан кейін ол өтініш берушіге қайтарылады.
Заңды тұлғаларға қызмет өкілдің өкілеттігін растайтын құжат негізінде көрсетіледі.
Сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тиісті өтініш беруі қажет.
Көрсетілетін қызметті беруші тіркеу туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді.
Қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету нәтижесінде кепілді тіркеу туралы куәлік немесе оның телнұсқасы, кепілдің тоқтатылғаны туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері көрсетілген уәжді жауап қағаз немесе электронды түрде беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болуы мүмкін:
- өтініш беруші ұсынған құжаттардың немесе олардағы мәліметтердің анық емес екені анықталса;
- кепілді тіркеу туралы өтініш "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
- өтінішті тиісті емес тұлға берсе.
Бұйрық 2026 жылғы 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:16, 28 шілде 2026
Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты
-
10:03, 28 шілде 2026
Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады
-
09:55, 28 шілде 2026
«Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады
-
09:45, 28 шілде 2026
Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгеріп, оқшауланған веложолақ салынады
-
09:34, 28 шілде 2026
Норвегиялық футболшы Холанд өзі туралы әзілдерге пікір білдірді





