2024 жылы Қазақстан экономикасы қанша табыс тапты

19:06, 30 желтоқсан 2024

© Сурет: pexels

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың тоғыз айындағы табыстар әдісімен есептелген ЖІӨ бойынша деректерді жариялады. Бұл әдіс ішкі кірістердің, соның ішінде бизнестің кірістерін, жұмысшылардың жалақысын, салықтарды және басқа да кірістерді қамтиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистикалық бюросы жариялаған есепке сәйкес, 2024 жылғы қаңтар-қырқүйектегі өндірілген жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі есептік деректер бойынша 84 962 626,1 млн теңгені құрады. 2024 жылғы қаңтар-қырқүйектегі ЖІӨ құрылымында еңбек ақы төлеу 31,8% құрады, өндіріске және импортқа салынатын салықтар - 9% және негізгі үлес жалпы пайда/жалпы аралас табысқа тиесілі –59,2%.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек ақы төлеу құрылымында ең көп үлесті көтерме және бөлшек сауда қамтиды:

  • автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (16,27%),
  • білім беру (12,93%),
  • өңдеу өнеркәсібі (10,22%).

Еңбекақы құрылымындағы ең аз үлестер:

  • үй шаруашылығындағылардың өз тұтынысы үшін тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету қызметі (0,22%),
  • сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет (0,46%),
  • баспананы жалға беру және тамақтану қызметтерін ұсыну (1,05%).

Еліміздің ЖІӨ-нің басым үлесін қызметтер құрайды (48 062 346,2 млн теңге), тауарлар өндірісі 30 897 192,8 млн теңге әкелді, өнеркәсіптен түскен табыс 22 890 711,3 млн теңгені құрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!