Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады
© Сурет: akorda.kz
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданы кешенді түрде көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шаһар басшысының айтуынша, соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, жыл соңына дейін 170-тен астам аула мен қоғамдық орын, соның ішінде парктер, гүлзарлар мен бульварлар ретке келтіріледі.
Мемлекет басшысына Есіл өзенінің бойында қоғамдық және рекреациялық кеңістіктердің бірыңғай жүйесі қалыптасып келе жатқаны туралы мәлімет берілді. Осы жұмыстар аясында қаланың түрлі бөлігіндегі парктер, серуен және спорт аумақтары тұтас жасыл белдеуге біріктіріледі.
Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бастамасы жүзеге асырыла бастаған кезден бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын баяндады.
Оның аясында 3,8 миллион тонна қоқыс жиналып, 10 мыңдай қоқыс төгетін орын жойылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:12, 19 қыркүйек 2026
Президент: Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды
-
15:10, 19 қыркүйек 2026
Тоқаев жолдардың сапасына қатысты қатаң шара қолданылатынын айтты
-
15:09, 19 қыркүйек 2026
Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды - Тоқаев
-
15:07, 19 қыркүйек 2026
Президент Астана Урбанистика орталығының тәжірибесін өңірлерге таратуды тапсырды
-
15:05, 19 қыркүйек 2026
Тоқаев: Құрылыс сапасын бұзғандар заң бойынша жауапқа тартылады





