2025 жыл - Жұмысшы мамандықтары жылы: мемлекеттік наградалар тізіміне жаңа құрметті атақтар енгізілді

11:35, 30 желтоқсан 2024

© Сурет: akorda.kz

2024 жылдың 30 желтоқсанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және балалардың құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың сайтында жарияланған ақпаратқа орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөздерінде еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу қажеттігі туралы үнемі айтып жүретінін алға тартты.

Бұл туралы Ерлан Карин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мемлекеттік кеңесшісінің сөзінше елімізде жұмысшы мамандықтарының мәртебесі біртіндеп артып келеді.

"Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп жатыр. Өндіріс озаттары мен еңбек династияларының өкілдеріне тұрақты түрде мемлекеттік наградалар беріледі. Кәсіби мерекелер кеңінен аталып өтілетін болды." Ерлан Карин

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қойды.

"Енді мемлекеттік наградалар жүйесіне (бұрыннан бар 6 құрметті атаққа) 9 жаңа құрметті атақ енгізілді. Атап айтқанда, ғалымдар мен өнертапқыштарға, инженерлерге, сәулетшілерге және құрылысшыларға, кеншілер мен шахтерлерге, геологтарға, өнеркәсіп, көлік, ауыл және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне берілетін құрметті атақтар қосылды." Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин

Қажырлы еңбектің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді және еңбек адамының беделін одан әрі көтеруге септігін тигізеді, деп жазды Карин.

"Бұл заңға Мемлекет басшысы "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялаған жаңа 2025 жылдың қарсаңында қол қойылуының символдық мәні бар." Ерлан Карин

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!