ШҚО-да үй өртеніп, екі баласымен бірге әйел адам мерт болды
© Фото: zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, екі баласымен бірге әйел адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 2026 жылы 14 қазанда болған. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына шұғыл жеткенде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған.
"Өртті сөндіру барысында әйел адамның және екі кәмелетке толмаған баланың денелері табылды. Өрт 63 шаршы метр аумақта толық сөндірілді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, марқұм екі баланың бірі 1 жас 7 ай, екіншісі 3 жаста болған. Өрт кезінде отағасы жұмыста болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:06, 14 қазан 2026
«Жаңбыр, қар, көктайғақ». Еліміз бойынша 15 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
18:52, 14 қазан 2026
РФММ-дағы оқушылардың жаппай улану жағдайын Оқу-ағарту министрлігі өз бақылауына алды
-
18:43, 14 қазан 2026
РФММ оқушыларының жаппай улануы. Ауруханаға жатқызылғандар саны артуда
-
18:30, 14 қазан 2026
Ақмола облысында құмар ойынға әуес қос шенеунік қызметінен айырылды
-
17:35, 14 қазан 2026
Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады





