1-3 қыркүйекте үш мегаполисте ауа райы құбылмалы болады

15:39, 31 тамыз 2026
MKZ: 1564403

© Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылдың алғашқы үш күзгі күнінде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты. Жаңартылған болжамға сәйкес, 1-3 қыркүйек аралығында Қазақстанның үш ірі қаласында үсік, найзағайлы жаңбыр және +31°C дейін ыстық күтіледі.

Астанадағы ауа райы

1 қыркүйек: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C. Топырақ бетінде 1°C үсік күтіледі.

2 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C. Топырақ бетінде 1°C үсік болады.

3 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.

Алматыдағы ауа райы

1 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей уақытта екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.

2 қыркүйек: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей уақытта екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.

3 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.

Шымкенттегі ауа райы

1 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.

2 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +27…+29°C.

3 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күз үсікпен басталатынын хабарлаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!