Құрылтай Қазақстанның вице-президенті мен премьер-министрінің кандидатураларын мақұлдады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, 2026 жылғы 31 тамызда Құрылтай депутаттары Қазақстанның вице-президенті мен премьер-министрі лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды.
Президенттің ұсынысын "Әділет", "Ақ жол" және "Ауыл" партиялары фракцияларының жетекшілері қолдады.
Отырысқа қатысқан 145 депутаттың 141-і Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдап дауыс берді. Осылайша, оның Қазақстан Республикасының вице-президенті лауазымына кандидатурасы мақұлданды.
Сонымен қатар Құрылтай депутаттары Олжас Бектеновтің Қазақстан премьер-министрі лауазымына кандидатурасын мақұлдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:57, 31 тамыз 2026
«Кезекке таласты»: Астанада балалар алаңында әйелдер төбелесіп, оқиға видеоға түсіп қалды
-
11:50, 31 тамыз 2026
Қазақстанның үш қаласындағы доллар, еуро және рубль бағамы
-
11:43, 31 тамыз 2026
ШҚО тұрғыны есірткімен ұсталып, күтпеген сылтау айтты
-
11:33, 31 тамыз 2026
Әнші Линда Қазақстанда концерт береді
-
11:24, 31 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Бектеновті премьер-министр қызметіне қайта тағайындады





