Қазақстанда жайылымдарды пайдаланылмай жатқан жер деп тану талаптары жеңілдетіледі
© Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін берілген жерлердің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидалар Жер кодексінің 92-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкестендіріледі. Аталған нормаға 2026 жылғы 14 шілдеде қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңмен түзетулер енгізілген.
Өзгерістерге сәйкес, жайылымды пайдаланылмай жатқан жер деп тану кезінде ондағы ауыл шаруашылығы жануарлары санының шекті жол берілетін жүктеме нормасына арақатынасы есепке алынады. Бұл көрсеткіш жалпы жайылым алаңына белгіленген шекті норманың 50%-ынан 30%-ына дейін төмендетіледі.
Құжатқа қоса берілген салыстырма кестеде түзетулер шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін берілген жерлердің пайдаланылуына мониторинг ұйымдастыру мақсатында енгізіліп жатқаны айтылған.
Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:06, 31 тамыз 2026
Құрылтай Қазақстанның вице-президенті мен премьер-министрінің кандидатураларын мақұлдады
-
11:02, 31 тамыз 2026
Тоқаев Олжас Бектеновтің кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды
-
10:55, 31 тамыз 2026
Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті
-
10:50, 31 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің кандидатурасын вице-президент лауазымына ұсынды
-
10:47, 31 тамыз 2026
Александр Бублик US Open-2026 додасын жеңіспен бастады





