Мадуро АҚШ түрмесінен немерелеріне сурет жіберді
© Сурет: Telegram/Nicolas Maduro
2026 жылғы 30 тамызда Николас Мадуро Бруклиндегі тергеу изоляторынан немерелеріне өзінің суреттерін жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Николас Мадуро АҚШ сотының алдына алғаш рет 2026 жылғы 5 қаңтарда шыққан. Бұл Венесуэлада жүргізілген арнайы операция нәтижесінде өзі және жұбайы Силия Флорес АҚШ-қа жеткізілгеннен кейін екі күн өткен соң болды.
"Бұл суреттерді барлық немерелеріме, барлық балаларға және бізді жақсы көретін барша ізгі ниетті адамдарға шағын сыйлық ретінде жіберіп отырмын. Біздің берік тұрғанымызды білсеңіздер екен. Жүрегіміз сіздердің сүйіспеншіліктеріңізге толы. Бұл сүйіспеншілік бізге дұғалар, тұрақты әрекеттер, ынтымақтастық және шынайы қолдау арқылы жетіп жатыр. Әрбір сөздеріңізге, әрбір қолдауларыңызға және әрбір баталарыңызға шексіз рақмет", – делінген оның Telegram-арнасында.
Суреттерден Мадуроның спорттық киім кигені, күлімсіреп тұрғаны және қатты арықтағаны байқалады.
Еске салайық, Венесуэла президентіне төрт бап бойынша айып тағылған:
- "наркотерроризм" мақсатында сөз байласу;
- АҚШ аумағына кокаин жеткізу мақсатында сөз байласу;
- пулеметтер мен жойқын құрылғыларды заңсыз иелену;
- пулеметтер мен жойқын құрылғыларды иелену мақсатында сөз байласу.
Егер кінәлі деп танылса, Мадуро өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ал 28 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэламен тарихтағы "ең ірі" мұнай келісімін жасасқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, келісім АҚШ-қа салық төлеушілерге ешқандай шығын келтірместен, Венесуэланың 65 миллиард баррельден астам мұнай қорын бақылауға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:21, 31 тамыз 2026
Гаражда қолдан жасалған алкоголь ішкен екі ер адам қайтыс болды
-
11:20, 31 тамыз 2026
NASA екі әйел астронавты ашық ғарышқа шығарады
-
14:05, 30 тамыз 2026
Бішкектегі барлық өрт сөндіру көлігі ірі базардағы өртті сөндіруге жіберілді
-
13:45, 30 тамыз 2026
Израиль премьерінің ұлы АҚШ-тан шұғыл эвакуацияланды
-
11:03, 30 тамыз 2026
Исландия ЕО-мен келіссөздерді қайта бастау мәселесін референдумға шығарды






