15 қазандағы саудада доллар тағы 3 теңгеге қымбаттады

16:01, 15 қазан 2026
MKZ: 1572558

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 15 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,93 теңгеге өсіп, 454,14 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 5,42 теңгеге дейін көтерілді (+0,06).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 67,81 теңге болды (+0,45).

Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 453,4 теңге, сату бағамы – 455,4 теңге. Еуроны сатып алу – 505 теңге, сату – 509,8 теңге. Рубльді сатып алу – 5,21 теңге, сату – 5,33 теңге.

15 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың баррелі 1,6 долларға арзандап, 104,46 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың баррелі 1 долларға арзандап, 94,09 долларға дейін төмендеді.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 450,62 теңге, еуроны 504,2 теңге, рубльді 5,36 теңге деп белгіледі.

15 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасының қандай бағамен сатылып, сатып алынғанын мына жерден көруге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!