TikTok-та «лайк» жинаймын деп тікелей эфирге шыққан алматылық қос әйел жазаланып тынды

22:43, 14 қазан 2026
MKZ: 1572428

© Сурет: pixabay

TikTok-тағы тікелей эфир Алматы полициясының назарына ілікті. Екі әйелдің эфир барысындағы әрекеттері әбден шектен шыққан. Олардың көп алдында балағат сөз айтып, ішімдік ішіп, темекі тартқаны анықталды. Олардың бірі мас күйде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде заңбұзушылықты анықтаған.

"Тікелей эфир жүріп жатқан сәтте-ақ қатысушылардың кім екені белгілі болып, екеуі де жедел ұсталды. Бұл жолы интернеттегі эфирдің соңы нақты жауапкершілікпен аяқталды. Олардың біріне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынса, екіншісі 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Тікелей эфир аяқталды. Ал заң алдындағы жауапкершілік өз күшінде қалды", делінген қалалық полиция департаментінің түсініктемесінде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!