Ақмола облысында құмар ойынға әуес қос шенеунік қызметінен айырылды

18:30, 14 қазан 2026
MKZ: 1572398

© Сурет: freepik

Ақмола облысының Есіл ауданында құмар ойынға әуестігі бар бірқатар шенеунік қызметінен айырылып тынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір прокуратурасы 2026 жылы 14 қазанда интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тігумен айналысқан екі мемлекеттік қызметшінің анықталғанын хабарлады. Олардың бірі Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған.

"Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде аталған екі лауазымды тұлға да атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Мемлекеттік қызметшілерге мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажет", деп нақтылайды құзырлы орган.

Бұған дейін Шортанды ауданының прокуратурасы жекелеген мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға, бәс тігуге қатысқанын анықтағаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!