Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

17:35, 14 қазан 2026
MKZ: 1572392

© Сурет: Instagram/belgianroyalpalace

2026 жылы 14 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы шығарып салды. Астанадағы ресми сапар аяқталғаннан кейін ақсүйек жұп Алматыға аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдарлама бойынша ақсүйек жұп Ядролық физика институтына ат басын тіреді, онда оларға бельгиялық IBA компаниясы әкелген циклотрон көрсетілді. Бұл технология медициналық визуализацияда, соның ішінде онкологиялық ауруларды анықтауда қолданылатын радиоизотоптарды жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар аса мәртебелі шетелдік қонақтар ат шоуын тамашалап, дәстүрлі киіз үйге бас сұғып, Қазақстанның бай көшпелі мұрасымен танысты.

Бельгия королі сарайының Instagram-дағы ресми парақшасы мемлекеттік сапар Алматы өнер музейімен, яғни шығармашылық сипатта түйінделгенін нақтылайды.

Олар қазақстандық және шетелдік суретшілердің, соның ішінде Фернан Леже, Ричард Серра және Яёи Кусаманың заманауи өнер туындыларымен танысты. Сонымен қатар сапар бағдарламасына Брюссельде жұмыс істейтін суретші Ула Сиклдің "Clay Bodies" би перформансы да енді.

Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен 2026 жылғы 11 қазанда келді. Мәртебелі меймандарды елорда әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

12 қазанда Ақордада ресми қарсы алу рәсімі өтті, содан кейін Тоқаев мәртебелі меймандармен шағын және кеңейтілген құрамда кессөздер өткізіп, бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Тақырып бойынша материал

13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев корольдік жұпқа Ұлттық музейді және Президент резиденциясында ұсталатын жылқыларды көрсетті.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп қазақ-бельгия Іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!