БҚО-да дәріхананың есігін сындырған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
© Фото: zakon.kz
Бөрлі аудандық полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын зерделеу барысында Ақсай қаласындағы дәріханалардың бірінің есігінің әйнек терезесін ер адамның сол маңда тұрған қоқыс жәшігімен ұрғылап, сындырып жатқаны анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі 2026 жылы 14 қазанда хабарлады. Ал қылмыстық оқиға 7 қазанда түнгі сағат 02:40 шамасында болғаны нақтыланады.
"Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыны ұстады. Ол алкогольдік масаң күйде болған Ақсай қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", делінген полиция хабарламасында.
Осы ретте полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгенің мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады. Бөтеннің мүлкін бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.
Бұған дейін Қытайдан Астанаға ұшқан елордалық ұшақта 1,5 млн теңгесін ұрлатып алғанын, күдікті ретінде шетелдік азамат ұсталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 14 қазан 2026
TikTok-та «лайк» жинаймын деп тікелей эфирге шыққан алматылық қос әйел жазаланып тынды
-
21:56, 14 қазан 2026
«Екеуі де студент». Ғылым министрі АҚШ-та алтын медаль еншілеген қос қазақ балуанын құттықтады
-
21:45, 14 қазан 2026
Рудныйда қазақ әдебиеті сабағында дөрекілік танытқан оқушының анасына айыппұл салынды
-
20:53, 14 қазан 2026
«Тұман түсіп, көктайғақ болады». Бейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:19, 14 қазан 2026
Қазақстан шекарасында NAVAI атымен танымал рэпер ұсталды





