«111» байланыс орталығы болып қай ұйым айқындалды

18:36, 18 сәуір 2024

© Сурет: gov4c.kz

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "111" байланыс орталығын айқындау туралы" туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Aзаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы "111" байланыс орталығы болып айқындалсын, делінген құжатта.

"111" байланыс орталығы - ақпараттық технологиялар саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға болып табылады.

Бұйрықта атап көрсетілгендей, жоғарыда көрсетілген Заңға сәйкес "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 29-1) тармақшасына "111" байланыс орталығы ұғымын енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Құжат 3 мамырға дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге түзетулерге Мемлекет басшысы 2024 жылы 15 сәуірде қол қойды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!