Жүзу туралы ең қызықты деректер
Нәрестені туғанына 3 апта болған соң жүзіп үйретуге болады.
Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша нәресте кезінен жүзіп үйренген балалардың миы ертерек жетіледі екен.
Жапонияда мектеп оқушыларына жүзу сабағы міндетті пән ретінде жүргізіледі.
Су бетінде жай ғана қалықтап тұру арқылы сағатына 200-300 ккал жоғалтуға болады.
Сағат таңертеңгі 7-9 аралығында жүзу пайдалы, бұл кезде дене босаңсып, күш жұмсауға дайын болады. Ал кешкі сағат 18-20 аралығында бассейнге бару барынша көп калориядан арылуға көмектеседі.
Күніне жарты сағат жүзу ер адамда да, әйел адамда да құмарлықты (либидо) арттырады.
Күйзелістен арылуға да бассейн таптырмас ем болады. Бойдағы барлық негативті бассейн жуып-шайып кетеді, күш беріп, балғындық сезімге ие етеді.

Психолог мамандар жүзудің физикалық қана емес, психологиялық тұрғыдан да жетілуге әкелетінін дәлелдеген. Жүзуге жиі баратындар шешім қабылдауда батыл, табанды, мақсатқа жеткіш болады.
Жаттығу залына барып, қолыңызды, аяғыңызды, престі, арқаны, кеудені бөлек-бөлек кезектестіріп шынықтыру орнына, жүзу арқылы барлық бұлшықетті бірдей жаттықтыруға болады. Жүзген кезде дененің барлық мүшесіне бірдей салмақ түседі.
Құлаштап (кроль) жүзу тәсілі арқылы белді жіңішкертуге болады. Ал судан аяқ пен қолды сәл шығарып, бақаша жүзу түрі (брасс) жарты сағатта 360-тан астам калория жоюға көмектеседі.
+20 С градус температурада суда тұру қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді. Ал салқын суда жүзу қартаю үдерісін баяулатады.
Жүзуге жиі барыңыз, деніңіз сау болсын!
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 қараша 2025
Маман ұйқы мен қан қысымын не байланыстыратынын айтты
-
09:36, 14 қараша 2025
Биологтар миы бүкіл денесіне таралған теңіз жануарын анықтады
-
15:39, 11 қараша 2025
Жерге қуаты күшті магниттік дауылдар жақындап келеді
-
13:37, 10 қараша 2025
Кезекті магниттік дауылдар қашан күтіледі - ғалымдардың болжамы
-
11:53, 10 қараша 2025
Археологтар «ақырзамандық шайқас» болған жерді зерттеп көрді





