Тоқаев қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада Қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Будапештке алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-мажар стратегиялық серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді.
"Биыл Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз өзара сенім мен ортақ мақсаттарға негізделген тығыз ынтымақтастықтың іргесін қаладық. Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы 370 миллион долларға жетті. Елімізде мажарлардың 70-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында MOL Group және Gedeon Richter секілді компаниялар бар. Қазіргі таңда машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында жалпы инвестиция көлемі 540 миллион доллардан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр", – деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстан жаңа саяси және экономикалық парадигмаға бет бұрғанын айтты. Білім мен инновацияны ту еткен өзгерістер бұл үдерістің басты қағидатына айналады.
Президент Мажарстан бизнесмендеріне энергетика, сирек кездесетін материалдарды өндіру, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, цифрландыру, қаржы нарығы секілді маңызды салаларда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі зор екенін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мажар компанияларының басшыларын келесі жылы мамыр айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Инвестициялық дөңгелек үстел барысында Мажарстанның Қаржы министрі, Қазақ-мажар экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Михай Варга мен ірі компаниялардың жетекшілері сөз сөйледі.
Жиын қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымын цифрландыру, білім салаларына және бірлескен инвестициялық жобаларды қолдауға қатысты 7 коммерциялық құжатқа қол қойылды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен кездескен болатын. Түскі ас форматында өткен кездесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын талқылады
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:14, 20 қараша 2024
«Барыс» хоккей клубы Гагарин Кубогының иегерін жеңіп, сенсация жасады
-
21:53, 20 қараша 2024
Қызылорда облысының әкімі: Күріш экспортында өсім бар
-
21:35, 20 қараша 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасымен кездесті
-
21:30, 20 қараша 2024
Қызылордада су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен енгізілуде
-
20:49, 20 қараша 2024
Желідегі видео: Қарағанды облысында елді дүрліктірген әйел жауапқа тартылды