Тоқаев Мажарстан президентімен кездесу үшін Шандор сарайына келді
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада Мажарстан президентімен кездесу үшін Шандор сарайына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Мажарстан президенті Тамаш Шуйок қарсы алды.
"Бірге суретке түсу рәсімінен кейін Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды", делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:31, 20 ақпан 2026
Тоқаев Бен Блэкті қабылдады
-
23:28, 19 ақпан 2026
Президент: Еліміз Газа секторындағы ахуалды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын
-
08:00, 19 ақпан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді
-
15:13, 22 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді
-
19:11, 22 желтоқсан 2025
Тоқаев Путинмен кездесті: Қазақстан мен Ресей көшбасшылары не туралы сөйлесті





