Абайлаңыз, кеспе! Корей және қытай тағам өндірушілерінің өнімдерін қалай дұрыс таңдауға болады?
© Сурет: pxhere
Астана дүкендері сөрелеріндегі "made in Korea" және "made in China" деген таңбаламасы бар тауарлар аз уақыттың ішінде қазақстандықтар арасында танымал болып қана қоймай, басқа ТМД елдерінің нарығында да өз орнын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соған қарамастан, Кедендік одақ аясында импортталатын жаңа өнімдер қолданыстағы техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес сапа мен қауіпсіздікке мемлекеттік ұйымдар арқылы жиі сыналатын өнімдер рейтингінде алдыңғы орынға шықты.
Кеспе бағасының соншалықты арзандығынан да қазақстандық сөрелер кез келген қазақстандыққа дерлік қолжетімді корей және қытай тауарларына толы.
Бүгін біз мақаламызда, алдымен Астана қаласынан сатып алынған "салмағы 400 грамм полимерлі қаптамадағы глютенсіз кореялық күріш кеспесі" туралы айтатын боламыз.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан тез дайындалатын кеспе әуесқойларын күтіп тұрған қауіп туралы әңгімелейді.
- 2024 жылдың 22 қазанындағы №1004/456 хаттамасына сәйкес, макарон өнімдерінің қаптамасында өнімнің атауы, тамақ өнімдерінің құрамы, көлемі, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, өндірушінің атауы және орналасқан жері, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбаламасы, тағамдық құндылық көрсеткіштері, бірыңғай ЕАС белгісі жоқ.
Сурет: Жанна Биятан
Мұндай кеспе денсаулыққа қауіпті деп ойлайсыз ба?!
Жаннаның айтуынша, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңда барлық ақпарат орыс тілінде де, мемлекеттік тілде де берілуі тиіс деп көрсетілген.
– Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, барлық ақпарат мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де көрсетілуі тиіс. Өкінішке қарай, біз бұны бұл өнімнен көре алмадық, - дейді маман.
Сарапшының айтуынша, дәмдеуіштердің қоспасы мен құрамындағы зиянды натрий тұздары ерекше қауіп төндіруі мүмкін. Дегенмен, құжатқа сәйкес кеспеде мышьяк, кадмий, сынап және қорғасын сияқты зиянды улы элементтер анықталмаған.
Сурет: Жанна Биятан
Астанада Қытайда өндірілген салмағы 82 грамм болатын полимерлі қаптамадағы "Cheetos со вкусом дымчатого барбекю" екінші үлгі де "құпия сатып алу" әдісімен сатылып алынды.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны зертханасының мамандары Кедендік одақ стандарттары мен негізгі регламенттердің бұзылғанын көрсететін дәлелдер бар зерттеулердің нәтижелерін жариялады.
Қоғамдық сарапшы атап өткендей, алдыңғы үлгідегідей мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалама, өнімнің атауы, тағам өнімдерінің құрамы, көлемі, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, өндірушінің орналасқан жерінің атауы, тағамдық құндылық көрсеткіштері және EAC белгісі болмады.
2024 жылдың 22 қазандағы 1004/458 тағам өнімдерін сынау хаттамасының шеңберінде мышьяк, кадмий, қорғасын және сынаптың болуы анықталған жоқ.
Бұл үлгі КО "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" 021/2011 ережелерін бұзды.
Сурет: Жанна Биятан
Таңбаламасы жоқ торт
Бұзушылықтары бар өнімдер рейтингісіндегі үшінші үлгі Қытайда жасалған салмағы 120 грамм полимерлі қаптамадағы "Торт со вкусом шоколада" кондитерлік өнімі болды.
- Алдыңғы үлгілердегідей бұл да өрескел бұзушылыққа жол берген – өнімнің атауы, тағамдық өнімнің құрамы, көлемі, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбалама, тағамдық құндылық көрсеткіштері, ЕАС белгісі жоқ.
Алайда, сол 2024 жылдың 22 қазанындағы №1004/457 азық-түлікті зерттеу хаттамасында улы және зиянды заттар (сынап, кадмий, қорғасын және мышьяк) табылмады, делінген құжатта.
Сурет: Жанна Биятан
Аспан астынан келген балалар косметикасы
Балаларыңызға қытайлық өндірушілердің косметикасын сатып алғанда, сіз таңдаған өнімдердің құрамымен, таңбаламасымен танысуды ұмытпаңыз. Осылайша, қыздарға арналған өнімдер рейтингісінде төртінші орынға Қытайда жасалған "IGOODCO" брендінің балалар косметикасының жиынтығы (тырнақ бояуы, көзге арналған қарындаш, бетке арналған қызыл далап, қабаққа арналған бояу) орналасты.
2024 жылдың 2 маусымындағы № 2187Т сынақ хаттамасында:
- "Өндіріс күні жоқ. Өнімді пайдалану кезінде арнайы сақтық шаралары көрсетілмеген. Таңбалама ағылшын тілінде".
- Сонымен бірге "терінің тітіркенуі, сезім қабілеттілігі, шырышты қабаттарға тітіркендіргіштік әсері" көрсеткіштері – 0 балл.
"Бұл зерттеуде "Кеден одағының парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" 009/2011 техникалық регламенті стандарты қолданылды. Аталмыш ереже барлық косметикалық өнімдерге қатысты", – деп қосты Ж.Биятан.
Бесінші элемент
Бесінші үлгі "Sulfur Soap" сабыны Кеден одағының техникалық регламенттерін бұзған өнімдердің рейтингісін аяқтады. Полимердің және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен құрылыстардың үлгісін зерттеу туралы 2024 жылдың 5 шілдедегі № РО-24-52666/226 хаттамасының шеңберінде:
"Мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жоқ. Атап айтқанда, бірегей айналым белгісі көрсетілмеген. Ингредиенттер туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жоқ. Қызмет мерзімі туралы ақпарат жоқ. Партия нөмірі жоқ. Мемлекеттік тілге аудармасы жоқ. Сақтау шарттары туралы ақпарат көрсетілмеген", делінген құжатта.
Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында сауда желілерінен сатылып алынған өнім үлгілеріне ауқымды талдау жүргізілді. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп, тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған.
Егер сіз осындай бұзушылықтары бар өнімді сатып алсаңыз, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.
Тұтынушы, егер сіздің құқығыңыз бұзылса, Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне:
- 8 (7172) 953 029; 8(7172)953029;
- сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің сайтындағы сенім телефонына хабарласуыңызға болады.
Кеңес беру сипатындағы бұл ақпарат жарнама болып табылмайды. Зерттеу нәтижелері туралы барлық ақпарат "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің келісімімен таратылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:22, 14 қараша 2024
Дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері: сапа мен қауіпсіздік туралы не білу керек
-
15:00, 14 қараша 2024
Сусын ішпес бұрын, алдымен онымен «танысыңыз» - сарапшылар кеңесі
-
14:11, 8 қараша 2024
Биыл планетадағы ауа температурасы 1,5 градусқа жоғарылаған
-
09:48, 1 қараша 2024
Ұйқының оңтайлы уақыты анықталды
-
10:35, 31 қазан 2024
Америкада үнемі фаст-фудпен тамақтанған мектеп оқушысы соқыр болып қалды