Оралдағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты
© Сурет: куәгерлерден келіп түскен сурет
2024 жылдың 20 қарашасында полицияға Оралдағы мектептердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" басылымы WhatsApp-та "№13 мектеп маңында патрульдік полиция мен жедел жәрдем көліктері тұрғаны туралы ақпарат тарап жатыр" деп жазады. Ал ата-аналар чаттарына мектепте дабыл белгісі қосылса, оқушылар эвакуацияланатыны туралы хабарлама жіберілген.
БҚО полиция департаменті аталған ақпарақа қатысты түсініктеме берді.
"20 қарашада Оралдағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына барлық арнайы және шұғыл қызметтер жіберілді. Алғашқы әрекет ету күштері мектепті тексерді. Хабарлама жалған болып шықты. Қазіргі уақытта қаскөйлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", деп түсіндірді ведомстводан.
Департамент терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл, не болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:30, 20 қараша 2024
Қызылордада су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен енгізілуде
-
20:49, 20 қараша 2024
Желідегі видео: Қарағанды облысында елді дүрліктірген әйел жауапқа тартылды
-
20:41, 20 қараша 2024
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге бөлді
-
20:21, 20 қараша 2024
Ақтауда жеңіл көлік бар жылдамдығымен адам толы дүкенге қойып кеткен
-
19:59, 20 қараша 2024
Талдықорғанда бұрынғы бастығын қорқытып, пәтер сұраған ер адам 8 жылға сотталды