Жауапкершіліктен босатылған АМӨЗ-дің экс-директорынан 2 млрд теңге өндіріп алынды

18:46, 20 қараша 2024

© Сурет: sknews.kz

Атырау қаласының №2 сотында "АМӨЗ" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты өз өкілеттіктерін тиісінше орындамады деген айып бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, сотталушы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлға бола тұра, жүйелердің тиімді жұмыс істеуі және өндірістік мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі заң және кәсіпорын жарғысының талаптарын орындамаған. Мердігер ЖШС-ның кепілдік міндеттемелері шеңберінде жылу алмастырғышты жөндеуге шаралар қабылдау мүмкіндігіне ие бола тұра, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сатып алу туралы тендер жариялаған. Нәтижесінде жылу алмастырғышты жөндеуге шамамен 2 млрд теңге негізсіз қаражат бөлінген.

Сот ҚР ҚК-нің 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет онша ауыр емес қылмысқа жататынын нақтылайды.

"ҚР ҚК-нің 71-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер онша ауыр емес қылмыс жасалған күннен бастап екі жыл өтсе, тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі өтіп кеткен".Атырау қаласының №2 соты

Осыған байланысты, сотталушы кінәлі деп танылып, жаза мерзімінің ескіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сондай-ақ, одан мемлекет пайдасына шамамен 2 млрд теңге залал өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!