Қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берілді

16:21, 20 қараша 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстанның Украинадағы елшілігі бүгін, 2024 жылғы 20 қарашада азаматтарға маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дипломатиялық өкілдік Украинадағы қазақстандықтарға елден кетуге кеңес берді.

"Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады",- делінген ақпаратта.

Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу баспаналарға баруға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

"Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алатынын ескереміз. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес".

Сондай-ақ, дипломатиялық өкілдік байланыс телефондарымен бөлісті:

  • Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.
  • Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.

Бұған дейін Досаевтың Германияның жаңа Бас консулы Маттиас Кислермен кездескені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!