Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі
© Сурет: freepik
Өз денсаулығына мән беретін адамдарда қатерлі ісікке шалдығу қаупі төмен болады. Ғалымдардың айтуынша, дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау онкологиялық аурулардың 13 түрінің даму қаупін азайтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Артық май тіні жасушалардың ДНҚ-сын зақымдап, қатерлі ісіктің пайда болуына түрткі болуы мүмкін. Сонымен қатар семіздік кезінде эстроген жыныс гормонының деңгейін арттыратын ферменттер көптеп түзіледі. Ал эстроген гормонға тәуелді ісіктердің өсуін ынталандырады. Бұл туралы Мадридтегі М. Д. Андерсон атындағы онкологиялық орталықтың эндокринологы Маркос Лахера El Español басылымына берген сұхбатында айтты.
"Гиперинсулинемия, яғни инсулин деңгейінің жоғары болуы және семіздік кезінде инсулинге ұқсас өсу факторының артуы да қатерлі ісіктің дамуына ықпал етеді", – деп ескертті эндокринолог.
Лахераның айтуынша, семіздік лептин мен резистин сияқты гормондардың тепе-теңдігін бұзып, ішек микробиотасының құрамын өзгертеді. Бұл құбылыс ішек дисбиозы деп аталады және ішектегі пайдалы әрі зиянды бактериялардың арақатынасының өзгеруін білдіреді. Дисбиоз қабыну үдерісін күшейтіп, иммундық жүйенің жұмысын әлсіретуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде онкологиялық аурулардың қаупін арттырады.
Бұған дейін X вирусы 2026 жылы жаңа пандемияға себеп болуы мүмкін екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:36, 17 қыркүйек 2026
Мумия қалдықтарының жасырын қаупі анықталды
-
13:21, 16 қыркүйек 2026
Өкпе ауруын емдеуге арналған дәрі қартаю белгілерін азайтқан
-
10:24, 10 қыркүйек 2026
Қант пен өңделген еттің зияны қандай: Дәрігер түсіндірді
-
15:46, 9 қыркүйек 2026
Жасөспірімді жоғалтып алмау үшін: өтпелі кезеңде онымен қалай сөйлесу керек
-
14:33, 8 қыркүйек 2026
Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты





