Түркістан облысында үндістандық екі студент суға батып кетті

14:41, 27 маусым 2022

Түркістан облысы. 27 маусым. 7kun.kz – Жазатайым оқиға 26 маусымда Төлеби ауданындағы Ханарық ауылынан 5 шақырым жердегі Ақсу шатқалында болған. Қазір суға батып кеткен екі шетелдік студенттің мәйітін іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды 7kun.kz.

Куәгерлердің айтуынша, шомылу үшін суға түскен шетелдік студенттерді ұйық тартып кеткен. Жанындағылар көмекке құтқару қызметін шақыртқан.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарының нәтижелі болуына коньондағы шатқалдар және тік құздардың болуы қиындықтар туындатуда», – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Ақсу шатқалының тереңдігі 50-ден 100 м-ге дейін, мұнда суға түсетін жерлер жоқ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!