Қытай депутаттары Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады

18:03, 25 сәуір 2024

© Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан жүйелі өзгерістер туралы, Мәжілістің қазіргі қызметі жайлы айтты.

Қазақстан депутаттары қытайлық әріптестерінің тәжірибесіне, жасанды интеллект пен төтенше жағдайларға қарсы күрес саласындағы тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.

Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2024 18:03

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне назар аударды.

"Үкіметтеріміз арасында трансшекаралық өзендердің суын бөлу туралы екіжақты келісім әзірленуде. Біз осы маңызды келісімге тезірек қол қоямыз деп үміттенеміз", - деді Ерлан Қошанов.
Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2024 18:03

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Өз кезегінде Чжао Лэцзи парламентаралық ынтымақтастық Қытай мен Қазақстанның мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің маңызды бөлігі екенін айтты.

"Соңғы жылдары Төраға Си Цзиньпин мен Президент Тоқаевтың стратегиялық басшылығының арқасында екіжақты қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Қытай алдағы уақытта да Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдай береді", - деді Чжао Лэцзи.

Ерлан Қошанов ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен кездесті. Танымал қытай саясаткері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларына жоғары баға беріп, Қытай инновация мен цифрландыру саласы бойынша әріптестікке дайын екенін мәлімдеді.

мәжіліс, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2024 18:03

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

"Біз Президент Тоқаевтың басшылығымен Жаңа Қазақстан құру жөніндегі стратегиялық мақсаттың орындалатынына сенімдіміз. Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне тың серпін беретін өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделіміз. Қытай тарапы еліңізге сенімді тірек болуға дайын", - деді В.Хунин.

Ол Қытай мен Қазақстанның өзара берік қолдауы екіжақты күн тәртібінен әлдеқашан шығып кеткенін ерекше атап өтті. Бұл халықаралық және өңірлік істерде айқын көрінеді. Қытай тарапы Қазақстанның жаһандық ықпалының өсуін және оның халықаралық аренада дауыс беру құқығын арттыруды қалайды.

Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2024 18:03

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесуде екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың қарқыны жоғары екені атап өтілді. ҚХР Төрағасының орынбасары өз сөзінде дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жыл ішінде елдеріміз тату көрші, жақсы дос, сенімді серіктеске айналды. Жаңа алтын 30 жылдықта Қытай мен Қазақстан бар күш жігерін көшбасшыларымыздың келісімдерін іске асыруға бағытталуы керектігіне мән берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!