Сәтті серіктестік

19:00, 29 қыркүйек 2022

Астана. 29 қыркүйек. 7kun.kz — Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мен Астана қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы BINOM мектебі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Бас директоры З.Сағынов пен Ә. Бөкейханов атындағы BINOM мектебі директоры Б.Төленов екі жақты меморандумға қол қойды. 

Осыған дейін де аталған мектеп оқушыларына кәсіби-бағдар беру бойынша дәріс өткізілген. Меморандумның негізгі мақсаты — оқушылардың автожол саласы туралы түсініктерін арттыру, жол жүру қауіпсіздігі мен осы саладағы жұмыстар мен материалдардың сапасынасараптама жүргізу, диагностикалау мен паспорттаутәсілдерін бақылау, бірлескен жобалар мен ғылыми-зерттеулер ұйымдастыру. 

Ынтымақтастық меморандумында келесідей мәселелер қамтылған:

* Ұлттық сапа орталығында ашық есік күнін ұйымдастыру, оның аясында оқушыларға өндірістіктәжірибе алуға, сапа сараптамасының процестерін тікелей бақылауға мүмкіндік беріледі.

* Оқушылардың салалық көрмелерге, форумдар мен конференцияларға қатысуы.

* Өз жобалары бойынша зертханалық сынақтар жүргізу мүмкіндігі.

* Спорттық және қоғамдық іс-шараларға қатысу.

Елімізде жол қызметкерлерінің тапшылығына байланысты «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» «2000 мектеп» акциясын бастаған болатын.  Орталық мамандары қалалық және ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларымен үнемі кәсіптік бағдар беру жүмыстарын жүргізеді. Қызмет еткен жылдары еліміздің әр өңірінде 3 500 мыңнан астам мектепте кәсіби бағдар  дәрістерін өткізді (2020 жылы – 1153 мектеп, 2021 жылы – 1389 мектеп, 2022 жылы – 1018 мектеп).

«Қазақстанның осы саладағы әлеуеті зор, алда көп жұмыс күтіп тұр. Алайда нарықта жақсы кадрлардың тапшылығы байқалады. Жол жұмысшыларының жетіспеушілігі туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ растайды. Олардың мәліметінше, Қазақстанда жол жұмысшысының бос орны ең көп сұранысқа ие болды…», — деді ЖАҰСО бас директоры Замир Сағынов.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев гуманитарлық ғылымдардан бөлек, техникалық ғылымдарға көңіл бөлу керектігін де айтып кеткен болатын.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!