Қазақстан бюджетінен 322 млн теңге ұрлағандар Ресейде ұсталды
Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан бюджетінен қаржы жымқырып, Ресей асқан екі азамат елге қайтарылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жылдың наурыз айында Ресей федерациясынан Қазақстан Республикасына, Комитеттің экономикалық тергеу қызметімен іздеуде жүрген 2 Қазақстан азаматын елге қайтарды. Олар Батыс Қазақстан облысы бойынша азық-түлік тұрақтандыру қорын аймақтық қалыптастыру және Атырау қаласының оң жағалауындағы су тазарту құрылыстарын салу бағдарламалары шеңберінде бөлінген бюджет қаражаттарын жымқырып, кейін Ресей аумағында жасырынған», – делінген хабарламада.
2017 жылы Ресейдің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынды.
«Бұл адамдардың әрекеттерінің салдарынан мемлекетке келтірілген зиян шамамен 322 млн теңгені құрады», – делінген комитет таратқан ақпараттарда.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 30 сәуір 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 1, 2 және 3 мамыр
-
15:47, 30 сәуір 2026
30 сәуірдегі саудада доллар тағы қымбаттады
-
11:56, 30 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары - 30 сәуір
-
15:56, 29 сәуір 2026
29 сәуірдегі сауда қорытындысы: доллар бағамы күрт өсті
-
15:49, 28 сәуір 2026
28 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





