Бұл өткір мәселе: Атамқұлов утилизациялық алым туралы

15:07, 17 қараша 2021

© Сурет: pixabay

Мәжілісте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы ескі көліктердің утилизациясы нормаларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2015 жылы утилизациялық алымының нормалары қабылданған еді. Ол күні бүгінге дейін қайта қаралған жоқ. Бүгінде бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Өздеріңізге белгілі, экологиялық алым басқа министрлікке қарайды. Бұл мәселе белсенді көтеріліп келе жатқанын атап өткім келеді. Бірақ қайта өңдеу параметрлерін талқылағым келмейді, ол үшін 2015 жылы болған есептеу әдісін көтеріп, қарау керек. Осы уақытқа дейін қандай бағамдық және девальвациялық өзгерістер болды? Дегенмен, бүгінде утилизациялық алымының параметрлері өзгере қоймады, - деді Атамқұлов.

Сонымен бірге ол ескі көліктерді утильдеуге қатысты туралы өз пікірін білдірді.

1992 жылғы автомобиль үшін неге үлкен мөлшерде алым алынады, деген сұрақ қойылды. Өйткені, шыққан жылдары бойынша жіктеу бар. Бұл утилизациялық алым емес, бұл бастапқы алым. Ол үшін бастапқы алым және утилизациялық алым кестесін зерттеу керек. Утилизациялық алым автомобиль типі мен қозғалтқыштар бойынша анықталады. Айырмашылық бастапқы алымда, техрегламент бойынша, экологиялық жағынан сәйкес келмейтін ескі машиналар әкелінбеуі үшін жасалды, - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда утилизациялық алым жергілікті нарықты қорғау және машина жасау өндірісін дамыту үшін қажет.

Бүгінде пессимистер көбейді. Әр түрлі пікір айтылуда. Мұнай да күндердің күнінде таусылатынын айта кетейін. Шикізат сатып, импортқа қарап отыра берсек, біз жаңа жұмыс орындарын, жоғары технологиялық орындарды аша алмаймыз. Біз импорттың орнына өңдеу мен қайта өңдеуді үйренуіміз керек. Оны да алғашқы бір қадамнан бастау керек. Мәселен, басқа елдердің тәжірибесін қараңыз. Малайзияға автомобиль өнеркәсібін құру үшін 30 жыл уақыт қажет болды. Сондықтан бағдарлама жаңа өндіріс құруға арналған және ресурстар таусылған кезде біз мықты, өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет болуымыз керек, - деп түйіндеді министр.

Әріпжан Әли


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!