«Жалаңаш әйелдің суреті». Трамп атақты медиа магнатпен соттасқалы жатыр
© Сурет: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп 18 шілдеде The Wall Street Journal (WSJ) газетінің егесі Руперт Мердокты сотқа беріп, 10 млрд доллар өтемақы талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, Трамптың қаржыгер Джеффри Эпштейнге сый-сияпаты жасағаны туралы ақпаратты жариялаған News Corporation медиа холдингінің өзі және екі журналисі де сотқа тартылды.
"Арызданушы жауапқа тартылушыдан кем дегенде 10 миллиард доллар залалды өтеуді талап ететін сот шешімінен үмітті", делінген Deadline басылымында жариялағанған арыздың толық мәтінінде.
Құжаттың атап көрсетілгендей, WSJ "Трамптың жалаңаш әйелдің суретін салып, хатпен қоса сыйға тартты" деп жазған жағдай ешқашан болған емес.
Сонымен қатар, Трамп Мердокқа қарсы сот ісі өзінің ғана емес, сондай-ақ америкалықтардың мүддесі үшін де қозғалғанын айтады.
"Бұл арыз сіздердің сүйікті Президенттеріңіздің атынан ғана емес, сонымен қатар фейк жаңалықтарға толы БАҚ-тың әрекеттеріне төзбейтін барлық американдықтардың мүдделерін қорғауды жалғастыру үшін берілді", деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін Трамп Эпштейн ісі туралы құжат демократтардың "туындысы" екенін мәлімдеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





