Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды
© Сурет: Scotra
Оңтүстік Корея жаңартылатын энергия саласында ілгері қадам жасап, Андон қаласының шығысындағы Имха бөгенінде ауқымды жобаның құрылысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Interesting Engineering басылымының жазуынша, қуаты 47 мегаватт болатын бұл нысан – елдегі көп мақсатты бөгенге орнатылған ең ірі қалқымалы күн электр станциясы.
Имха бөгенінде қуаты 50 мегаватт гидроэлектростанция бұрыннан жұмыс істейді. Онымен бірлесіп, жаңа кешен күндіз күн энергиясын желіге жіберуге, ал түнде гидроэнергия өндіруге мүмкіндік береді. Бұл тәуліктік энергия өндіру деңгейін тұрақтандыруға жағдай жасайды.
Жоба 16 өзара байланысқан қалқымалы платформадан тұрады. Олар ұлттық символдар – Тхэгыкки (Оңтүстік Корея туы) мен мугунхва (ұлттық гүл) бейнесінен шабыт алып жасалған. Мұндай тәсіл кешенге әрі функционалдық, әрі мәдени мән береді.
Толық іске қосылғаннан кейін бұл нысан жылына шамамен 61 миллион киловатт-сағат жаңартылатын энергия өндіреді. Бұл көлем Андон қаласындағы шамамен 22 000 үйдің жылдық энергия тұтынуын қамтамасыз етуге жеткілікті – бұл қаладағы барлық үйлердің шамамен 27%-ы.
Бұған дейін Дубайда 544 млн долларға салынған әлемдегі ең биік қонақүй ашылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
09:55, 18 қараша 2025
Үндістандық азамат бір жол апатында бірден 18 туысынан айрылды





