Дубайда өткен әлем чемпионатында отандық боксшылар қанша табыс тапты
© Сурет: Zakon.kz
Кеше, 13 желтоқсанда Дубайда өз мәресіне жеткен IBA нұсқасы бойынша өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы sportarena.kz жазады.
World Boxing нұсқасында жүлдегерлерге ақшалай төлемдер қарастырылмаса, ал IBA тек медаль иегерлеріне ғана емес, ширек финалға жеткен спортшыларға да сыйақы төлейді. Жарыс регламентіне сәйкес, әлем чемпиондары 300 мың доллардан, финалға шыққандар 150 мың доллардан, қола жүлдегерлер 75 мыңнан, ал ширек финалға жеткендер 10 мың доллардан алады.
Осы жағынан алғанда, Қазақстанның әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов және Абылайхан Жүсіповтің әрқайсысы 300 мың доллардан табыс тапты. Күміс медаль иесі - Сабыржан Аққалықов 150 мың доллар алады. Қола жүлдегерлер Ертуған Зейнуллинов пен Теміртас Жүсіповтің әрқайсысы 75 мың доллардан өз кірістерін толықтырды.
Ширек финалға жетіп, сүрінген боксшылар – Санатәлі Төлтаев, Даниял Сәбит, Серік Теміржанов және Нұрлан Сапарбай 10 мың доллардан сыйақы алады.
Жалпы, қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 1,24 млн доллар табыс тапты.
Ал IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшыларға мемлекеттен қосымша сыйақы төленбейді.
Бұған дейін бокстан Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:01, 25 қаңтар 2026
Жол апатынан кейінгі кісі өлімі: Шымкентте тағы үш күдікті ұсталды
-
13:30, 25 қаңтар 2026
Қазақстанда тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты
-
13:00, 25 қаңтар 2026
Астанада жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жауапқа тартылды
-
11:05, 25 қаңтар 2026
Қазақстан теннисінің жас жұлдызы Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде жеңіске жетті
-
10:31, 25 қаңтар 2026
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті: видео





