Ұлыбританияда инфляция деңгейі тағы өсті

10:51, 19 желтоқсан 2024

© Фото: pexels

Тұманды Альбион халқын қымбатшылық қысып барады. Қараша айында тұтыну бағасы 2,6 пайызға өскен. Бұл туралы Ұлыбританияның Ұлттық статистикалық қызметі хабарлады.

Осылайша, инфляция екінші ай қатарынан жеделдеп отыр. Қазан айында бағалар 2,3 пайызға, ал қыркүйекте 1,7 пайызға өскен. Әсіресе, азық-түлік пен алкогольсіз сусындардың, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, сондай-ақ саяхат пен бос уақыт өткізудің құны едәуір қымбаттаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Көлік қызметтері, керісінше, 0,9 пайызға арзандады. Ұлыбритания қаржы министрі елдегі инфляция халықаралық көрсеткіштермен деңгейлес, деп мәлімдеді.

"АҚШ-та инфляция деңгейі 2,7 пайызды құрайды, яғни бізден сәл жоғары. Еуроаймақта ол 2,3 пайыз. Біз өмір сүру құны дағдарысының әлі де сезілетінін мойындаймыз және осы мәселені шешу үшін шаралар қабылдаймыз." Рэйчел Ривз, Ұлыбритания қаржы министрі

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!