Қазақстан азаматы ірі ұтысын төлеуден бас тартқан букмекерлік кеңсені сотқа берді

20:36, 18 желтоқсан 2024

© Сурет: pixabay

ҚР Конституциялық соты сотпен қорғалу құқығын шектейтін норманы тексереді. Осы негізде букмекерлік кеңсе ұтысын төлеуден бас тартуына қатысты шағымданған азаматтың ісі қаралмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың желтоқсанында азамат букмекерлік кеңсенің сайтында бәс тігіп, қомақты соманы ұтып алған. Ұтысты шығарып алуға әрекеттенген кезде "бәс тігуді қабылдау ережелерін бұзды" деген желеумен оған төлем жасаудан бас тартылған. Оның үстіне бәс тігу мәліметтерін жойып, оның ұтысын баланстан шығарған.

Азамат бұл ақшасын қатардағы сотқа жүгіну арқылы өндіре алмайды, өйткені бұл арада белгілі бір заңнамалық шектеулер бар.

"Өтініш иесінің пікірі: Сот Кодекстің аталған нормасының негізінде оның ұтысын төлемеуге байланысты сот арқылы қорғалу құқығын бұзған", деп көрсетеді Конституциялық сот.

Енді азаматтың өтініші Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, Бас прокуратураның, салалық министрліктер, құқықтық ақпарат институттары өкілдерінің қатысуымен өтетін отырыста қаралатын болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!