Атырау облысында Индер ауданының әкімі ауысты
© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Нысанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған, деп хабарлайды 18 желтоқсанда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "құқықтану" мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек өтілі:
- 2003-2008 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы;
- 2008-2017 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
- 2017-2022 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы;
- 2022 жылдан тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:32, 18 желтоқсан 2024
Полиция алматылықтарға кейбір көшелер ішінара жабылатынын алдын ала ескертті
-
20:56, 18 желтоқсан 2024
Alibaba Қазақстандағы қосымша құн салығын төлеушілер қатарына қосылды
-
20:44, 18 желтоқсан 2024
Астанада бас шыршаның шамы жағылды
-
20:36, 18 желтоқсан 2024
Қазақстан азаматы ірі ұтысын төлеуден бас тартқан букмекерлік кеңсені сотқа берді
-
19:57, 18 желтоқсан 2024
Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды