«Уран кеніші» әңгімесі: «Алтын қалам 2024» байқауының бас жүлдесін Бекен Ыбырайым иеленді
© Сурет: aqalam.kz
18 желтоқсанда Алматы қаласында орналасқан Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде "Алтын қалам 2024" әдеби байқауының жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Байқауды ұйымдастырушылардың мәліметінше, 115 автор түрлі жанрда жазылған 202 шығармасын ұсынды. Нәтижесінде қысқа тізімге алты аталым бойынша 30 жұмыс енгізілді.
Дауыс беру нәтижесі бойынша келесі авторлар жеңімпаз атанды:
- Жылдың үздік прозасы - Алтынбек Мерсадық. Астана қаласы.
- Жылдың үздік кино сценариі және драматургиясы - Шаридияр Уәлиханов. Астана қаласы
- Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті – Нұрбек Нұржанұлы. Алматы қаласы
- Жылдың үздік сатирасы - Асхат Өмірбаев. Жетісу облысының Үштөбе қаласы.
- Жылдың үздік фантастикасы немесе детектив шығармасы - Бақыт Жалиева. Ақтөбе қаласы.
Бас жүлде - 1 000 000 теңге алматылық Бекен Ыбырайымға бұйырды. Қаламгер "Уран кеніші" әңгімесімен "Жылдың үздік прозасы" аталымы бойынша топ жарды.
"Алтын қалам 2024" байқауына қатысқан үздік туындылардан жеке кітап шығарылады. Жаңа кітаптың тұсаукесері алдағы жылдың басына жоспарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 18 желтоқсан 2024
Tik-Tok-та жарнамаланған дәріні ішемін деп шымкенттік әйел өліп қала жаздады
-
22:45, 18 желтоқсан 2024
Жетісу облысында 24 млн теңгенің айғақ затын ұрлап, іздеуде болған экс-полицей сотталды
-
22:39, 18 желтоқсан 2024
«Қар борап, көктайғақ болады». Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:57, 18 желтоқсан 2024
Қазақстандықтардың көбісі бөлшек сауда саласына шағымданған
-
21:50, 18 желтоқсан 2024
Қауіпті ойыншықтар анықталды: Жаңа жыл алдында ДСМ ел азаматтарына ескерту жасады