Индонезияда өлім жазасына кесілген филиппиндік әйел түрмеден босатылды
© Фото: pexels
Индонезияда есірткі тасымалдағаны үшін өлім жазасына кесіліп, атыла жаздаған филиппиндік әйел түрмеден босатылды.
Мэри Велосо ауыр үкімге іліккендер камерасында 15 жылдай отырған.
Бүгін ол Манилаға ұшатын рейспен үйіне оралмақ.
Баспасөз маслихатында сөйлеген сөзінде Велосо екі ел президенттеріне алғыс айтты, деп жазады qazaqstan.tv.
Индонезия мен Филиппин үкіметі осы мәселе бойынша жылдар бойы келіссөз жүргізген.
Велосо екі баланың анасы, бұрын үй көмекшісі болып жұмыс істеген. Ол 2010 жылы 2,5 келі героинмен Джокья Карта қаласында тұтқындалды.
Айтуынша, білместікпен наркокурьер болып, қолға түсіп, істі болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 18 желтоқсан 2024
Рим Папасына екі рет қастандық жасалмақ болғаны белгілі болды
-
15:34, 18 желтоқсан 2024
Қырғызстанда жаңа министрлер кабинетінің басшысы тағайындалды
-
12:34, 18 желтоқсан 2024
Испаниядағы әуежайда радиоактивті контейнер жоғалып кетті
-
11:25, 18 желтоқсан 2024
Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы шұғыл түрде Тбилисиге жіберіледі
-
10:37, 18 желтоқсан 2024
Ұлыбританияда электронды темекіні сатуға тыйым салынады